Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Видеодан скрин
Өрт жеке үйдің ауласындағы цехтан шыққан. Отбасы көрпе мен матрас тігу арқылы күн көрген, олардың ауласында шағын цех болған. Тонналаған мақта сақталған бөлмені от тез шарпыған. Өрттің нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Қызыл жалын бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Балалар сыртқа шығып үлгерген. 17 жастағы ұлы мен күйеуі әйелді оттан алып шығуға тырысқан, екеуі де күйік алған.
«Мен әйелімді құтқара алмадым. Оттың ішіне кіруге тырыстым. Дүрбелең кезінде отты қалай болса солай сөндіруге тырыстым. Бірақ оны құтқара алмадық. Әйелімің денесінің 80 пайызы күйіп қалды», деді марқұмның күйеуі Айдос Боранбаев.
Куәгерлердің айтуынша, алдымен қатты дыбыс естілген, содан кейін от бүкіл үйді шарпыған.
Төрт адамның өмірін қиған өрт: Ақтөбеде автогаз құю бекетінің иесі қамауға алынды
«Естіген бойда бірден жүгіріп келдік. Келсек, бәрі өртеніп кеткен, ештеңе қалмаған. 6-7 тонна мақтадан түк қалмаған. Балалар далада, абдырап жүрді. Барлығы аман, шүкір. Үлкен ұлы қатты зардап шеккен. Үлкен қызы күйзеліске түсіп кетті. Кішілері қашып үлгеріп, аман қалған», дейді көршілер.
Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды