Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Шымкентте 10 қазанда Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда өткен концерт барысында 8 адам медициналық көмекке жүгінді, дейді Денсаулық сақтау басқармасы.
Желіде әнші Қайрат Нұртастың концертінен видеолар тарап жатыр.
Көмекке жүгінген 8 адамның 7-еуі тексеруден кейін үйіне жіберілген. Зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр.
Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі, ол мамандардың бақылауында, дейді басқармада.
Айта кетері, полиция қылмыстық іс қозғаған болатын.