Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басшысының медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті дамыту және елдегі терапиялық қызметті үйлестіру туралы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сарапшылар Жүрек орталығына және қалалық бірқатар емханаларға барып, қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты патологиялары және ревматологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің жай-күйін бағалады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.
Мониторинг барысында қанайналым жүйесі аурулары мен жіті миокард инфарктісі бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштеріне талдау жасалды, кадрлық қамтамасыз етілу мен материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі бағаланды, сондай-ақ жедел миокард инфарктісі кезінде медициналық көмекті жетілдіруге арналған жол картасының іске асырылуы қаралды.
Қалалық денсаулық сақтау деңгейінде скринингтердің сапасын бақылауды күшейту, артериялық гипертензиясы және жіті коронарлық синдромы бар пациенттерді қадағалау бойынша дәрігерлерге қосымша оқыту жүргізу ұсынылды.
Медициналық ұйымдардың басшыларына денсаулық мектептерінің жұмысын жандандыру, диспансерлік бақылаудың сапасын арттыру, инсульт пен инфаркт жағдайларын жүйелі түрде талдау ұсынылды.
Көпбейінді ауруханаларды реновациялау бағдарламасы шеңберінде қалалық №2 аурухана базасында ревматологиялық бөлімше ашу тапсырылды. Сонымен қатар, сарапшылар медициналық құжаттамаға аудит жүргізуді, диспансерлік бақылаудың жүйелілігін қамтамасыз етуді және жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігін бақылауды ұсынды. Мониторингтік топтың өңірлерге көшпелі жұмыс сапарлары жалғасуда.