Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. Шымкентте "Капитал" атауымен инвестициялық платформа ретінде жасырын әрекет еткен қаржы пирамидасы тергеліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 000-нан 500 000 теңгеге дейін қаражат тартып, 3-5 күн ішінде салым сомасының 30-50%-ына дейін табыс уәде еткен.
"Жаңа қатысушыларды тарту үшін адамдарға психологиялық ықпал ету тәсілдері қолданылған. Оларға "жылдам пайда табасың" деп уәде берген. Алайда уәде ауызша беріліп, нақты шарт жасалмаған. Шын мәнінде, салымшыларға төленген ақша жаңа келген адамдардың салған қаражаты есебінен беріліп отырған", – дейді агенттік.
Қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.