Шымкентте резонанс тудырған төбелес: күдіктілер ұсталды

21.01.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкентте резонанс тудырған адам өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте резонанс тудырған адам өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам ұсталған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт бойынша "Адам өлтіру", "Бұзақылық" және "Адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.

Күдіктілерді ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған.

"Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью