Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
видеодан алынған кадр
Іс жабық режимде қаралды. Сот отырысына қыздың анасы онлайн форматта қатысқан. Оның айтуынша, айыпталушыға қатаң жаза тағайындалады деп күткен. Іс материалдарында бейнебақылау камераларының жазбалары дәлел ретінде ұсынылған. Кадрларда ер адамның балаға қол жүгіртіп, сүйіп, өз үйіне ертіп әкетуге әрекет жасағаны көрінеді.
Есірткі ұсынып, бірге кетуге көндірген: Алматыда жасөспірім қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр
Абырой болғанда, қыз оның қолынан сытылып шығып, қашып кеткен. Әйтпегенде оқиғаның соңы ауыр жағдайға әкелер еді.
Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Сондай-ақ екінші топтағы мүгедектігін растайтын құжаттарын ұсынып, жеңілдік сұраған.
Нәтижесінде сот оның шын жүректен өкінгенін және мүгедектігі бар екенін ескеріп, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 216 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Жетісуда қызды аңдып, куәгерге пышақ кезенген ер адам жазадан босатылды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, айыпталушы кінәлі деп танылған бап бойынша өзге жаза түрлерін тағайындау мүмкін болмаған.