Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?

16.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкентте жауын-шашын салдарынан Бадам өзені арнасынан асып, жанындағы елді мекендерді су шайып кетуі мүмкін деген қауіп тұрғындардың үрейін туғызды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жұртты сабырға шақырып, өзен жағасындағы үйлер үшін қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша бүгінгі таңда жағдай тұрақты және алаңдауға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, көктем мезгілінде су деңгейі жиі көтерілетін өзеннен тұрғындарға қауіп келмеу үшін өткен жылы жағалауы 5,3 шақырымға бекітіліп, ол желтоқсан айында толық аяқталған болатын. Сонымен бірге қазынадан құрылыс жұмыстарына 2,7 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды

Сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы айтып өткендей, Игілік, Жаңаталап, Көкбұлақ елді мекендерінің тұсындағы өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Алайда белгісіз біреулер өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, гидротехникалық құрылысқа зиян келтірген. Соның салдарынан бетон бөгеттің 40 метрге жуық бөлігі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау ісімен айналысып жатыр. Жобаның кепілдік мерзімі 7 жылды құрайтындықтан зақымданған бөлігі мердігер компанияның есебінен жөнделеді.

Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті

Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?

Спорт • Бүгін, 15:32

Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады

Энергетика • Бүгін, 15:22

40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды

Аймақтар • Бүгін, 15:15

Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?

Өнер • Бүгін, 15:01

Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Алматы • Бүгін, 14:55

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады

Қоғам • Бүгін, 14:48

«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды

Футбол • Бүгін, 14:35

Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады

Аймақтар • Бүгін, 14:29

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Аймақтар • Бүгін, 14:18

Орал қаласында жаңа мешіт ашылды

Аймақтар • Бүгін, 14:07

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?

Қоғам • Бүгін, 13:38

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Президент • Бүгін, 13:13

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

Референдум • Бүгін, 13:03

2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады

Үкімет • Бүгін, 13:01

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 12:59

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью