Шымкентте Таза Бейсенбі акциясы өтті

18.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шымкенттегі Еңбекші ауданында «Таза Бейсенбі» акциясы өтіп, тұрғын үйлердің айналасы мен ауласы қоқыстан тазартылды.

Тазалық шарасына коммуналдық сала жұмысшылары, мемлекеттік қызметшілер мен «Жастар рухы» ұйымының мүшелері атсалысты.  Әдеттегідей еріктілер мен тұрғындар да үлес қосты. Олар қураған жапырақтарды жинап, ойын алаңдарын ретке келтіріп, суағарларды тазартты. Акцияға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Жалпы биыл экологиялық акция аясында 51 рет сенбілік ұйымдастырылып, 48 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Тазалық шарасына 4 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

- Біз тазалаумен ғана емес қала тұрғындарын, қонақтары бар солардың барлығын тазалық сақтауға шақырамыз. Экологиялық мәдениет сол кезде ғана қалыптасады. Қазіргі кезде қала енді қоқыстан тазартылып жатыр. Кейбір кезде қоқыс таппай қалатын жерлер болады. Сондықтан келе-келе Шымкент қаласы жасыл қалаға айналады деген үмітіміз бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью