Шымкентте Таза бейсенбі акциясы жалғасын тапты

22.01.2026

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің айналасы тазартылды. Ирригациялық жүйелердегі қоқыс шығарылып, ауладағы қураған жапырақтар жиналды. 

Көшелер арнайы техниканың көмегімен сыпырылды. Тазалық жұмыстарын Ұйымдастырушылардың айтуынша, былтыр игі шараларға 5 мыңнан астам адам қатысып, 80 тонна қоқыс жиналды. Саябақтар ретке келтіріліп, күре жолдардың жиегі тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Абай Сырлыбаев, AMANAT партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты филиалының консультанты:

- Жаңбыр жауса, қар жауса да соған лайықтап жұмыстарды ауданда шығып отырады. Соған қарап, біз дайындалып келеміз. Қоршаған ортаны жинау, тазалықты насихаттау мақсатында жүрміз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью