Шымкентте төрт егіздің 36 жастағы анасы үшем босанды

30.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкентте қалалық перинаталдық орталықта мерзімінен бұрын дүниеге келген үшем үйіне шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Әлсия, Сафия және Аймұхаммед 17 қыркүйекте туған. Нәрестелердің дүниеге келген кездегі салмағы тиісінше 1740, 1482 және 1730 грамм болды.

Босану кезінде акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиологтар және өзге де медицина мамандарынан құралған топ жұмыс істеді. Сәбилер шала туғандықтан, олар бірден жаңа туған нәрестелердің реанимация бөліміне ауыстырылған.

Дәрігер Дәулет Сатовтың айтуынша, мұндай жағдайларда бүкіл медициналық ұжымның үйлесімді жұмысы ерекше маңызды.

"Кесарь тілігі отасына акушер-гинекологтар, неонатологтар және басқа да мамандар қатысты. Анестезиология және жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімінің мейірбикелері де үлкен үлес қосты. Мұндай жағдайларда әр маманның жұмысы маңызды", - деді дәрігер.

Үшемдер бір айға жуық уақыт бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Мамандар балалардың тыныс алуын, дене қызуын, тамақтануын және салмақ қосуын қадағалаған.

Уақыт өте келе сәбилердің жағдайы жақсарып, әрқайсысының салмағы екі келіден асты. Қазір олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Балалардың анасының да денсаулығы жақсы. Ажар Ташқараева үшін үшемнің дүниеге келуі күтпеген жаңалық болған.

"Мен өте бақыттымын. Үшем болатынын алғаш естігенде қатты қуанып, тіпті көзіме жас алдым. Сәбилерді бір-бірінен ажырату қиын емес - әрқайсысының өз ерекшелігі бар", - деді көпбалалы ана.

Қажетті ем-дом мен бақылау аяқталғаннан кейін 36 жастағы әйел балаларымен бірге үйіне шығарылды. Перинаталдық орталықтың алдынан отбасын туған-туыстары қарсы алды.

Әлсия, Сафия және Аймұхаммед дүниеге келгенге дейін отбасында жеті бала тәрбиеленіп жатқан болатын. Сонымен қатар, бұған дейін әйел екі рет егіз босанған. Енді бұл отбасында он бала өсіп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью