Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: Polisia.kz
Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған.
Жәбірленушілердің бірі – Шымкент қаласының тұрғыны. Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта, 11 телефон және планшет тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің Астана мен Шымкент қалаларында жасалған екі алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы – 7,5 млн теңге. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алаяқтарға банк шоттарын тауып берумен айналысқан
«Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Егер туысқаныңыздан немесе танысыңыздан шұғыл ақша аудару туралы хабарлама келсе, міндетті түрде онымен тікелей байланысып, ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізіңіз. Бұл ірі қаржылық шығындардың алдын алуға көмектеседі», делінген хабарламада.
Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті