Шымкентте заңсыз ойын ұйымдастырғандар сотталды

03.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Шымкенттің екі тұрғыны құмар ойын ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.

Сотталушылар бірнеше дропердің есеп шоттарын пайдаланған.

"2023 жылдың қаңтар айынан бастап былтыр маусымға дейін Шымкент қаласының аумағында "Тик Ток" және "YouTube" әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфир арқылы "тринька" және "зарик" деп аталатын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. 681 226 532 теңге қылмыстық табысқа ие болған. Оның ішінде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомасын шегергенде өздеріне 93 792 743 теңге қалған", - дейді сот.

Сот екі сотталушыны Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, әр қайсысына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью