Шымкентте жаңадан салынған жол опырылып, тұрғындар сусыз қалды

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Тұрғындар орталық кәріз жүйесі бар жерде жолдың бүлінгенін айтып, 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласқан. Су арнасының мамандары келгенімен, құбырларды жөндеуден бас тартып, жауапкершілік жолды салған мердігер ұйымға жүктелетінін жеткізген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от критика Шымкента (@kritika_shymkent)

Осыған қатысты Kazinform тілшісіне Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ресми түсінік берді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған көшеге асфальтбетон жабындысы 2025 жылдың шілде-тамыз айларында «Atash Trans Logistics» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан төселген.

Сондай-ақ жолдың негізін нығыздау кезеңінде «Ұлттық сапа орталығы» тарапынан тиісті сараптамалық жұмыстар жүргізілген.

– Басқарма мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде Ақторғай көшесінің белгілі бір бөлігінде бұған дейін кәріз құбырларын төсеу жұмыстары атқарылғаны анықталды. Аталған аумақта топырақтың отыруы салдарынан жол жабыны шөккен. Ақауларды жою мақсатында қалпына келтіру жұмыстары жоспарға енгізілді. Қазіргі таңда жауапты мердігер ұйым тиісті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр, - делінген басқарманың жауабында.

Бұдан бұрын Шымкентте екі көшенің қиылысында асфальт опырылып қалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью