Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бірінші ақпан күні күдікті жасөспірім көшеде кішкентай қызды ұстап алып, оны алып кетпек болған. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізі суымай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.
«1 ақпанда полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, құқыққа қайшы әрекеттер жасамақ болғаны туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады қалалық ПД.
Зардап шеккен қызбен психологтың қатысуымен әңгімелесу жүргізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.