Шымкентте жасөспірімдер теміржол маңында қауіпті ойын ұйымдастырды

06.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Үш жасөспірім ермек іздеп, өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырған. Олар бұл әрекеттерін вагон ішіндегі полицейлер бақылап тұрғанын күтпесе керек. Нәтижесінде жасөспірімдер ұсталып, олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Шымкент бекетінде болған. Көлік полицейлері Саратов - Алматы бағытындағы пойызбен келе жатып, теміржол маңында өтіп бара жатқан құрамға тас лақтырып тұрған үш жасөспірімді байқаған.

"Пойыз қозғалысы кезінде полиция қызметкерлері вагон терезесінен теміржол жиегінде жүрген үш жасөспірімнің өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырып жатқанын анықтады", - деп атап өтті ведомство.

Тәртіп сақшылары машинистпен байланысып, жылдамдықты азайтуды сұраған. Осыдан кейін жасөспірімдер ұсталған.

Олар ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасына жеткізілді. Жасөспірімдер ата-аналарының көзінше жасаған әрекеттерін мойындады.

"Полиция қызметкері шұғыл пойыз машинисімен байланысып, одан жылдамдықты төмендетуді сұрады. Жедел қабылданған шаралдардың нәтижесінде үш жасөспірім ұсталды. Бұдан соң жасөспірімдер ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы КПБ-ға жеткізілді. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қатысуымен жасаған әрекеттерін мойындады", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Ата-анасына қандай шара қолданылады?

Жасөспірімдермен теміржол маңындағы мінез-құлық ережелері туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналарына қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі (балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша хаттама толтырылды.

Іс бойынша шешім 15 күн ішінде қабылданады. Егер ата-аналар жауапкершілікке тартылса, әр бала үшін 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Теміржол маңындағы ойын неге қауіпті?

Көліктегі ПД пойызға тас және басқа да заттарды лақтыру қауіпті екенін еске салды. Бұл жолаушыларға немесе пойыз бригадасы қызметкерлеріне тиіп, жарақаттауы мүмкін.

Теміржол табанының жанында қажетсіз жүру де қауіпті. Полицейлер ата-аналарды балаларының бос уақытын қайда өткізетінін қадағалауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырды.

Мұндай ойындар ауыр жарақаттарға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Айта кетейік, бұл жасөспірімдер пойыз маңында қауіпті ойын ұйымдастырған бірінші жағдай емес. Сәуірде әлеуметтік желілерде Алматыда жүріп бара жатқан жүк пойызы вагонының жақтауында отырған жасөспірімдердің видеосы тараған болатын. Көліктегі ПД сол кезде Алматы-1 станциясының қызметкерлері оқиғаға қатысы бар балаларды анықтап, ата-аналары жауапқа тартылғанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттерін сату ережесі өзгеруі мүмкін

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью