Шымкентте жасөспірімдерден интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам, ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.

"Сондай жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан. Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы суреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған", - дейді полицияда.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью