Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Шымкенттегі дендропаркте жасөспіпімді пышақтап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, 17 тамызда кешке тағам сататын дүңгіршек жанында жасөспірімді пышақтап кеткен. Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғады.
"Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - дейді полицияда.
Жасөспірімдердің заңды өкілдерін балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне тиісті шаралар қабылданатын болады.