Шымкентте жауын салдарынан жаңа салынған жол шөгіп кетті

21.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Шымкенттің Абай ауданында Ақторғай көшесінде төселгеніне бір жыл болмаған жол шөгіп кетті. Салдарынан жақын жерде орналасқан екі жеке үй сусыз қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Сонымен қатар көшеде көлік қозғалысы қиындаған. Тұрғындар ойылған шұңқырға балалары құлап кете ме деп қорқып жүр.

"Жаңбыр қатты жауды. Шұңқыр бастапқыда кішкентай болды, бірақ жауын-шашыннан кейін асфальт бірден опырылып кетті. Біздің екі көршіміз сусыз қалды", - дейді тұрғындар.

Қазіргі уақытта жолдың зақымдалған бөлігі топырақпен жабылған. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл мәселе туралы білетіндерін хабарлады. Басқарманың мәліметінше, былтыр шілде–тамыз айларында көшені мердігер ұйым — "Atash Trans Logistics" ЖШС жөндеген. Асфальтбетон төсемес бұрын және жолдың негізін тығыздау кезеңінде ұлттық сапа орталығы сараптама жүргізген. Дегенмен, асфальтбетон жабыны шөгіп кеткен.

"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Ақторғай көшесінің жекелеген учаскелерінде бұрын кәріз құбырларын төсеу жұмыстары жүргізілгені анықталды. Дәл осы жерлерде жауын-шашын салдарынан асфальтбетон жабыны шөгіп кетті", - деп хабарлады Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Басқармадағылар ақаулар мердігер компанияның есебінен қалпына келтіріледі дейді. Себебі 5 жылдан аса кепілдік мерзімі бар. Қазір мердігер мекеме дайындықты бастаған. Жұмыс наурыз айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью