Шымкентте жиһаз цехы өртенді

09.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы Сасбұқаев көшесінде болған өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нақтыланған мәлімет бойынша өрт бірқабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан.

– Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы құрылды және үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті, – делінген хабарламада. 

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖД 58 жеке құрам мен 22 техника жұмылдырылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью