Шымкентте жоғары лауазымды полицейдің ұсталуы: ҰҚК тергеуді бастады

06.01.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте жоғары лауазымды полицей ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте жоғары лауазымды полицей ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін желіде ҰҚК Шымкентте ауқымды арнайы операция жүргізгені туралы ақпарат тараған болатын. Соның нәтижесінде қаладағы аудандық полиция басқармаларының бірінің басшысы пара алу кезінде ұсталды деген мәлімет шықты. Әңгіме шамамен 20 миллион теңге туралы болып отыр.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының басшысы, полковник Батырбек Мырзагелдиев ұсталған болуы мүмкін.

Фото: t.me/kozachkow

Tengrinews.kz редакциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.

ҰҚК пікірі

ҰҚК берген жауапта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Аталған факт бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген жауапта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью