Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ауруханада 35 күн бойы комада жатқаннан ер адам есін жиды, - деп хабарлайды TengriHealth қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ауруханада 35 күн бойы комада жатқаннан ер адам есін жиды, - деп хабарлайды TengriHealth қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Не болған?31 жастағы пациент мотоциклмен жол-көлік оқиғасына ұшырап, өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, алған жарақаттары аса ауыр болып, өміріне үлкен қауіп төндірген.
Пациенттің қазіргі жағдайы"Науқасқа бірнеше рет күрделі операция жасалды. Ол ұзақ уақыт өмір мен өлімнің арасында жатты", - дейді дәрігерлер.
Пациентке ауыр қосарланған жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ашық бас-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы диагнозы қойылған. Сонымен қатар бас сүйек негізіне өтумен сол жақ маңдай-төбе-самай сүйектерінің сызықты сынуы анықталған. Оң жақ самай аймағында және сол жақ төбе-самай аймағында жедел эпидуралды гематома, сол жақ маңдай және төбе аймағында, жарты шарлар арасындағы саңылау мен мишық шатыры бойында жедел субдуралды гематома болған.
Сондай-ақ кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ 3 қабырғаның сынуы, сол жақ бұғана сүйегінің жабық көпжақты сынуы, өкпенің соғылуы және бас миының ісінуі анықталған.
Дәрігерлер науқастың бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастады. Қазіргі уақытта дәрігеролер оның жағдайын бақылап отыр.
Ер адам біртіндеп сауығып келеді. Өздігінен тамақтана бастаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться