Шымкентте жол ортасында болған төбелестен бір адам қаза тапты | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
20 қаңтарда Шымкент қаласындағы Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған Hyundai Sonata-ға соқтығысқан.
Hyundai тізгінінде қаланың 34 жастағы тұрғыны Н.Ешанқұлов болған. Жол апатынан кейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында жанжал басталған.
Осы сәтте Toyota Camry-дегілерге көмекке Lexus LX 570 мінген тағы төрт белгісіз адам келген.
Сөз таласы төбелеске ұласып, салдарынан М.Қошкенбаевтың мойын тұсына пышақ сұғылған. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Н.Ешанқұлов пен В.Колесников та түрлі дене жарақаттарын алған.
Оқиғадан соң белгісіз тұлғалар В.Колесниковты Toyota Camry көлігіне күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен.
Читать полностью
Читать новость