Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шымкентте түнгі уақытта Қонаев даңғылында Lexus GS автокөлігінің жолаушысы қозғалыс кезінде көлік терезесінен шығып, отшашу атқан.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған әрекет жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған.
– Құқық бұзушы полиция қызметкерлері тарапынан анықталып, қамауға алынды. Ол өз әрекетін досын туған күнімен осылайша құттықтағысы келгенімен түсіндірді, - делінген хабарламада.
Тәртіп бұзған ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық, пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген жерде пайдалану, тыныштықты бұзу және жол қозғалысы қағидаларын сақтамау деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұдан бұрын Шымкентте автобус жүргізушісі жеңіл көлікті қасақана қаққанын жазған едік.