Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шымкентте жылу құбырларының 40 пайызға жуығы тозған. Салдарынан желіде жиі апат болады.
Жылу маусымы басталғалы 91 жағдай тіркелді. Көбіне ішкі орамдық құбырлар қысымға шыдамай, жарылып кетеді - дейді мамандар. Одан бөлек, қазандықтарда техникалық ақау көп. Ірілі-ұсақты апат болған сайын, шағын аудандар су мен жылусыз қалады. Ондай жағдайда коммуналдық мекеменің жедел тобы күшейтілген режиммен жұмыс істейді. Қала билігі биыл 75 шақырымнан астам құбырды жаңғыртамыз деп отыр. Қазандықтар мен сорғы станцияларында да күрделі жөндеу жұмыстары жүреді. Қазір дайындық жүріп жатыр.
Әбдісаттар Апатанов, Қалалық жылумен қамту кәсіпорнының бөлім басшысының орынбасары:
- АДЦ қазандығында, маторлы сорғы станциясында, ПНС-5 республикада, 24-қазандықтарда модернизация жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстар жүргеннен кейін біз бұрынғыдан да сапалы жылу береміз деп ойластырып отырмыз.