Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шымкенттегі дендрологиялық баққа сирек ағаш-бұтаның 116 түрі жерсінді.
Мұнда ел іші мен шетелдерден арнаулы тұқымдар мен қаламша, көшеттер жеткізілді. Осылайша саябақтағы өсімдіктердің алуандығы 330-ға жетті. Олардың арасында америкалық інжірден бастап, жабысқақ кампсис, бас-тұмсық және тас емен сияқты көпжылдық өсімдіктер бар. Экологтар ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыруға ниетті. Саябақ аумағында заманауи жылыжай салып, зертханалық орталық ашпақ.
Есдәулет Достияров, дендросаябақ директоры:
- Дендросаябақтың негізгі мәні, негізгі мақсаты ғылыми бағыттағы жұмыстар болып табылады. Ағаш-бұта түрлерінің гендік қорын көбейту. Оны сақтап қалу, қызыл кітапқа енген ағаштардың барлығын не үшін жойылып жатқанын, сирек кездесетін ағаштардың не үшін азайып жатқанына баға беретін мекеме болып табыламыз. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында 10 сотық жерге жобамен саламыз. Ішінде жылыту жүйесі, салқындату жүйесі барлығы қамтамасыз етілген заманауи теплица жүреді.