Шымкенттегі Дендросаябақта 60 бейнекамераның 40 қа жуығы жұмыс істемейді

26.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оның айтуынша, саябақ тәулік бойы күзетіледі, алты нүктеде күзетшілер кезекшілік атқарады. Сонымен қатар, аумақ толық жарықтандырылған.

— Бізде 24 сағаттық күзет қызметі бар. Алты жерде күзетшілер отырады. 2024–2025 жылдары жарық жүйесінде ақаулар болған, бүгінде толық қалпына келтірілді. Барлық жарықшам жанып тұр. Бейнекамералар да орнатылған. Алайда олардың бірқатары істен шыққан, — деді ол.

Директордың мәліметінше, бейнебақылау камераларын мердігер компания орнатқан. Жабдықтарға кепілдік мерзімі берілген. Бірақ оның басым бөлігі түрлі себеппен тұрақты жұмыс істемеген. Осыған байланысты саябақ әкімшілігі мердігер компанияны сотқа берген. Сот шешімімен камераларды қалпына келтіру міндеті компанияға жүктелген.

— Жалпы 60 бейнекамера бар. Қазіргі таңда шамамен 20-сы жұмыс істеп тұр. Қалғандары істен шыққан. Кейде өздігінен қосылып кетеді. Бағдарламалық қауіпсіздік жүйесінде ақау болуы мүмкін. Сот шешімі негізінде мамандар келіп, іске қосу жұмыстарын жүргізеді. Кепілдік мерзімі болғандықтан, істен шыққан камераларды мердігер компания жөндеуге міндетті, — деді Е.Достияров.

Еске салсақ, үш күн бұрын саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылған еді. Шымкент қаласы Полиция департаменті аталған дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғанын хабарлаған. Саябақ әкімшілігі оқиға болған аумақта орнатылған бейнебақылау камерасының істен шыққанын жеткізді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью