Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шымкентте жер асты коммуналдық жұмыстары кезінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиға орын алды — екі жұмысшы қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға газдан улану себеп болған.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға құбыр тарту кезінде болған. Жер асты құдығында болған жұмысшылар жиналып қалған қалдық газдан ұланған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын, сондай-ақ нысанда қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына жауапты тұлғаларды анықтап жатыр.
Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Бүгін, 11:21