Шымкенттегі қанды төбелестің мән жайы анықтала бастады | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласып, соңы адам өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған Hyundai Sonata көлігінің артқы бамперіне Toyota Camry жеңіл соққы жасаған.
Осыдан кейін Toyota көлігінен үш ер адам түсіп, жанжал басталған.
Көп ұзамай оқиға орнына Lexus LX-570 көлігі келіп тоқтап, одан шыққан төрт ер адам Hyundai жүргізушісі Нұрмахан Ешанқұловқа және оның жолаушылары Мақсат Көшкенбаев пен Василий Колесниковке шабуыл жасаған.
Төбелес барысында Мақсат Көшкенбаев мойнынан пышақ жарақатын алып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Ал Нұрмахан Ешанқұлов соққыға жығылғанымен, ауыр жарақат алмаған.
Читать полностью
Читать новость