Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын 2024 жылғы желтоқсан айында іске қосылған. Жобаны жүзеге асыруға 6,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, нәтижесінде 260 тұрақты жұмыс орны ашылған. Қуаты жылына 50 млн жұп шұлық өнімін шығаруға жететін Кәсіпорын өз өнімін ішкі нарықпен қатар, алыс-жақын шетелдерге де экспорттайды.
Фото: МәжілісДепутат Данабек Исабеков мұндай жобалардың қала әлеуетін көтеруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Фото: МәжілісФото: Мәжіліс— Заманауи кәсіпорындардың іске қосылуы ел экономикасын әртараптандыруға, отандық өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тетіктер бар, сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы өндірісті кеңейтуге болады, — деді ол.
Мәжіліс депутаттары кәсіпорын жұмысына оң баға беріп, мұндай өндіріс ошақтары Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтты. Кездесу барысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, экспортты ұлғайту және өндіріс көлемін арттыру мәселелері де сөз болды.
Фото: МәжілісБұдан бұрын депутаттар Павлодар облысының қоғамдық ұйымдарымен еріктілер қозғалысын дамыту жолдарын талқылағанын жазғанбыз.