Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көрші тұрған үш отбасыда газдан уланып ажал құшқандардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені - 32 жастағы келіншек. Бірі терезені ашуға талпынып құлаған студент жігіт болса, қалған екеуі оқушы қыз бен оның жеңгесі, деп жазады КТК.
Марқұм келіншек газы бар үй деп бұл пәтерге жуырда ғана көшіп келген екен. Оның артында 2,4,5 жастағы үш қызы мен күйеуі қалды. Оқиға болған уақытта жолдасы жұмыста, қыздары балабақшада болған екен. Ваннадан табылған 20 жастағы қыз газдың иісіне шағымданып жүріпті.
"Шамамен сағат 12-де қыз табылған. Пәтер иесі үйге келіп, ванна есігі бекітулі екенін анықтаған. Ол оны бұзып ашқанда шомылу үшін ваннаға түскен қыз жалаңаш күйінде табылған. Осыдан кейін учаскелік полицейге қоңырау шалынды. Осыдан кейін адамдардың барлығын сыртқа шығара бастады. Құтқарушылар келіп, өзге пәтерлердің есігін бұзып ашты. Тағы өлі үш адам табылды". Ислам Файзуллаев
Шымкент қалалық полиция департаменті аталмыш іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Бұған дейін Талғарда күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталғаны хабарланған.