Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында қаза тапқан Сания ісі қоғамда резонанс тудырды

16.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шымкент қаласында 23 жастағы Сания Жұбанышева уақытша ұстау изоляторында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол жасөспірімге пышақ жарақатын салды деген күдікпен қамауға алынған еді.

Марқұмның адвокаты Мухаммад Алиосман Оглының айтуынша, Сания оқиға алдында өзіне жыныстық сипаттағы қысым көрсетілгенін айтып, көмек сұраған. Алайда қорғаушы тергеу бұл жайтқа жеткілікті назар аудармағанын мәлімдеді.

Полиция дерегіне сәйкес, оқиға 2 мамырға қараған түні танысының үйінде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, жанжал кезінде Сания кәмелетке толмаған жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Кейін ол қамауға алынып, екі айға изоляторға қамалған.

15 мамырға қараған түні бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол камералас әйелдің жүрек ауруына арналған дәрісін шамадан тыс ішіп қойған. Ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью