Шымкенттегі жас қыздың өлімі: Күдіктінің үстінен тағы бір іс қозғалды

28.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Полиция 21 жастағы Нурай Серікбайдың өліміне тікелей қатысы бар күдіктінің үстінен сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, іс сталкинг фактісі бойынша қозғалған.

«Нұрайдың ісі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Жәбірленушіні жүйелі түрде қудалау фактілеріне әділ құқықтық баға беріледі деп үміттенемін. Істің тергелу барысын қадағалап отырмыз. Тергеудің объективті және толық жүргізілуін, кінәлі тұлғаның қатаң түрде жазаға тартылуын талап етеміз», деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Нұрай Серікбай 11 қаңтар күні Шымкентте пышақ жарақаттарынан қаза тапты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда қыздың қашуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал күдіктінің оны ұрып, пышақ сұққаны көрінеді. Одан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Марқұм Нұрай Серікбайдың ағасының айтуынша, күдікті ұзақ уақыт бойы оның қарындасын аңдып, сталкингпен айналысқан.

13 қаңтар күні полиция 28 жастағы күдіктіні қаладан 10 шақырым жерде ұстады. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейін Шымкент қалалық полиция департаменті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында қыздың қазасына байланысты Шымкент полиция департаментінде тексеру жүргізілетінін айтты. Сол күні Шымкент полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірнеше қызметкер лауазымдарынан босатылды. Сондай-ақ іске немқұрайды қараған полицейлерге қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар

Атырауда жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі Жайықтан табылды

Оқиға • Бүгін, 21:00

Семей студенттерінің спорттық инфрақұрылымы жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 20:36

Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа 20 млн теңгесін аударып қойған

Қоғам • Бүгін, 20:25

«Райымбек батыр» кесенесі мемориалдық кешенге айналады

Тарих • Бүгін, 20:04

Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

Аймақтар • Бүгін, 19:39

Абай ауданында жанар-жағармай бекеті ашылды

Қоғам • Бүгін, 19:31

Үндістанда Нипах вирусына қарсы қауіпсіздік шаралары күшейді

Әлем • Бүгін, 18:42

Доллар әлсіреп барады: Инвесторлар неге алаңдады?

Әлем • Бүгін, 18:36

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футбол • Бүгін, 18:20

ChatGPT-де жарнама пайда болады

Қоғам • Бүгін, 18:15

Бекжан Мейірбаев: Зайырлы мемлекет қағидатының маңызы артып келеді

Қоғам • Бүгін, 18:00

«Бір ел – бір кітап» акциясы: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалды

Әдебиет • Бүгін, 17:53

Австрия экс-министр Карин Кнайсльді азаматтығынан айырады

Әлем • Бүгін, 17:43

Конституциялық комиссия: Қазақстан аумағының тұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады

Қазақстан • Бүгін, 17:32

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Ата заң • Бүгін, 17:21

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью