Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шымкентте кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. Олар қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл туралы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап Arasha.kz хабарлайды.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды.
«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу амалдары жалғасуда», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
20 қаңтарда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция бірден бірнеше бап бойынша іс қозғады: «Кісі өлтіру», «Бұзақылық», «Адам ұрлау».
Тәртіп сақшылары 40 жастағы ер адамның пышақ жарақатынан қаза тапқанын және тағы бір адамның ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін растады.
Қылмыстың бүкіл мән-жайын анықтау үшін департаменттің барлық күш-құрылымдары жұмылдырылған.