Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Шымкенттен Астанаға ұшқан ұшақ бортында қазақстандықтың 7,6 миллион теңгесі ұрланды. Күдіктілер ұсталып, ақша иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Шымкенттен Астанаға ұшқан ұшақ бортында қазақстандықтың 7,6 миллион теңгесі ұрланды. Күдіктілер ұсталып, ақша иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұрлық әуе кемесінің бортында болған. Ведомство мәліметінше, қаскөйлер жолаушының алаңсыз отырған сәтін пайдаланып, ақшаны байқатпай алып кеткен.
"Осы қылмысты жасағаны үшін екі шетелдік азамат анықталып, ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскөйлер Шымкент - Астана бағытындағы әуе кемесінің бортында жәбірленушінің ұқыпсыздығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 миллион теңге сомасындағы ақшаны жасырын ұрлап кеткен", - деп хабарлады ведомство.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, түсініктеме бергені атап өтілді.
"Ұсталған адамдар қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ ұсталған шетелдіктердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Көлік полицейлерінің кәсібилігі мен сауатты іс-қимылының арқасында ұрланған ақша иесіне толық көлемде қайтарылды", - деді полициядағылар.
7,6 миллион теңге шетелдіктерден тәркіленіп, заңды иесіне толық көлемде қайтарылған.
"Көліктегі полиция департаменті азаматтарға сапар кезінде сақтық шараларын сақтау қажет екенін, жеке заттарын, құжаттарын және ақшасын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ олардың сақталуын мұқият қадағалауды ескертеді", - деп кеңес берді ведомство өкілдері.
Тағы оқыңыз: “Аяғын орындыққа шығарып қойды“: Алматыға ұшқан рейсте жолаушының әрекеті өзгелердің ашуын туғызды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу