Шымкенттен жұмыс күші аз өңірлерге 400 ден астам адам көшуге ниет білдіріп отыр

27.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар қатысып, өңіраралық жұмыспен қамту тетіктері, ерікті қоныс аудару бағдарламалары, сондай-ақ өңірлердің географиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

Фото: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жәрмеңке қорытындысы бойынша 422 азамат елдің жұмыс күші тапшы өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірді. Оның ішінде 8 адам пробация есебінде тіркелген.

Фото: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

— Шығыс Қазақстан облысына көшуге 200 азамат қызығушылық танытып отыр. Ұлытау облысына 50 адам баруға құлшыныс білдірді. Сонымен қатар Павлодар облысына 40, Солтүстік Қазақстан облысына 72, Абай облысына 60 азамат қоныс аударуға ықылас танытты, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Фото: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

Бұдан бұрын жыл басынан бері Шымкент қаласынан 48 отбасы ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында елдің еңбек күші тапшы өңірлеріне көшкенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью