Шымкенттік блогер әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалаған

07.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Күдікті 10 млн теңге ақша ақысына әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпайтынын айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Фото: видеодан алынған скрин

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналисті қолға түсірді. 

Құзырлы орган аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленген.

ІІМ күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью