Шымкенттік оқушы бірнеше сырқат түрлерін 3 секундта анықтайтын бағдарлама жасады

02.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» №1 лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Арсен Алмасхан тың жаңалық ұсынды. 15 жасар өнертапқыш науқасқа диагноз қоятын жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаны жасап шыққан деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Бағдарлама 8 көрсеткішке талдау жасап, бірнеше ауру белгілерін бір уақытта анықтайды екен. Бұған дейін дәрігерлер әр дертті жеке-жеке тексерсе, оқушы әзірлеген жүйеге диагноз қоюға нәбәрі 3 секунд жеткілікті. Осылайша, уақыт үнемделеді, қолжетімді қызмет ұсынылады.
Бағдарлама авторы А.Алмасхан ашық дереккөздердегі 800 адамның медициналық деректерімен тәжірибе жасап, бағдарламаның 80 пайыз дәлдікпен диагноз қойғанын айтып отыр. 
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір оқушы бағдарламаны жетілдіру үшін команда жинауды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта отандастарымыздың медициналық деректеріне ресми рұқсат пен қуатты компьютер қажет болады. Егер жоба қолдау тауып, кеңейтіле түссе, Қазақстанда медициналық диагностика жаңа деңгейге көтерілуі әбден мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью