Шымкенттік полицейлер балаларға құқықтық тәрбие беру мақсатында мультфильм шығарды

30.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкенттік полицейлер балаларға құқықтық тәрбие беру мақсатында арнайы мультфильм жасап шығарды.

Көп сериялы анимациялы фильмнің тұсаукесері орталық саябақта үлкен экран арқылы ұсынылды. Шараға келген балалар мен ата-аналар қызықты оқиғаларды мультфильмнің басты кейіпкерімен бірге тамашалады. Тың туынды көрерменін адал болуға, үлкенді құрметтеуге және ережелерді сақтауға үндеді. Көрсетілім аясында жол қозғалысы талаптары бойынша викториналық сұрақтар қойылып, кинологтар мен арнайы жасақ жауынгерлерінің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің тынымсыз тірлігі мен ерлігін дәріптейтін фотокөрме ашылды. Жоба авторларының айтуынша, алдағы уақытта қауіпсіздік, адалдық және жауапкершілік туралы баяндайтын Барыстың жаңа оқиғалары жарыққа шығады. 

Бағлан Исатаева, қалалық ПД ресми өкілі:

- Полицияның оң имиджін қалыптастыру және балаларға достық, заң, тәртіп деген ұғымдарды ұялату мақсатында үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет көрсету, тазалықты сақтау деген ұғымдарды нығайту мақсатында жасалған жоба болатын. Оның әрбір сериясының сценарийі психологтар, педагогтер, полиция қызметкерлерінің қатысуымен жасалды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью