Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ведомство мәліметінше, шағын ауданда инженерлік инфрақұрылым салу жобасы бойынша бюджет қаражаты тиісті негіздемесіз жоспарланған. Атап айтқанда, жоба жүзеге асырылуы тиіс аумақта тұрғын үйлер мен халықтың болмауы, жер телімдерінің толық бөлінбеуі және нақты қажеттіліктің жоқтығы анықталған.
- Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттаманың нақты жағдайға сәйкес келмейтіні және жобаны қазіргі кезеңде іске асыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қаржыландыру параметрлері қайта қаралып, қосымша келісім жасалды. Нәтижесінде 1,7 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді, - делінген ақпаратта.
Осылайша бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Айта кетейік, Шымкентте «Coca-Cola» брендімен жасалған контрафактілік өнімдер анықталды.