Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы болып қызмет етті.
2021 жылғы тамыздан бастап Шымкент қаласының прокуроры болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться