Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2025 жылды қорытындылаған брифингте журналистің коммуналдық мәселе төңірегінде қойған сауалына келешекте бұл қызмет француздық компанияға сенімгерлік басқаруға берілетінін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жуырда әкім орынбасары Берік Беркімбаев коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымды басқару саласындағы француздық «Veolia» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Басқосуда тараптар заманауи технологиялар енгізу, коммуналдық қызметтер сапасын жақсарту, қалалық инфрақұрылымды жаңартуға байланысты инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселесін талқылады.
Кездесу соңында «Veolia», Шымкент қаласының әкімдігі, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін тиімді басқару мен жаңарту мақсаттарын көздейді.
Бірлескен жоба нәтижесінде қала инфрақұрылымы, энергия үнемдейтін технологиялар жақсарады, мегаполистің тұрақты дамуына жағдай жасалады деген болжам бар.
Жалпы «Veolia» компаниясының штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Еуропа, Азия мемлекеттерінде, АҚШ-та жобаларды жүзеге асырады.