Шымкенттің мәдени туристік мүмкіндігі бағамдалды

16.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.

Марапаттау рәсімінде Аида Балаева өнер саласы­ның ұс­таздары мәдени құнды­лықтарды сақтап, кеңінен насихаттауда, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қа­лып­тастыруда ай­рық­ша рөл атқа­ратынын атап өтті.

Ұлттық құндылықтарды дә­ріп­теуге және күй өнерін кеңінен насихаттауға бағыт­талған «Күй күмбірі» респуб­ликалық акция-сын ұйым­дастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін Президент Жарлығымен бірқатар педагог марапатталды. Атап айтқанда, «Құрмет» ордені Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимна­зиясының музыка пәні мұғалімі Гүлфайруз Елжановаға, «Ерен еңбегі үшін» медалі №46 мектеп-лицейдің музыка пәні мұғалімі Еркежан Намазоваға, сондай-ақ «Алғыс» грамотасы №58 жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Гүлзира Даржановаға табысталды.

Үкімет басшысының орынбасары осы жұмыс сапары аясында Шымкент цитаделіне барып, музей экспозицияларын тамашалады. Іс-шара барысында тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңы­зына тоқталды. Сондай-ақ этно­ауылда болып, мұндай нысандарды архаикаға бой алдырмай, заманауи, креа­тивті әрі ин­но­вациялық форматта дамыту қа­жеттігін атап өтті.

Вице-премьер Арбат жаяу жүргіншілер аллеясын да аралап, қалалық мәдениет, гастро­но­мия және креативті индустрия салаларындағы бірқатар жо­бамен танысты. Бұл ретте ол осы аумақта бос жұмыс орын­дары мен жастарға арнал­ған мау­сым­дық кәсіптік бағдар ақпа­рат­тарын беретін  жұмыс­пен қамту орталығын орналастыру мүм­кіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар креативті ортаны дамытуға, жас таланттарды қолдауға, мәдени мұра мен инновациялық тәсіл­дер үндескен заманауи қала­лық инфрақұрылымды қалып­тастыруға ерекше назар аударылды.

Осы күні Аида Балаева Шым­­­кент қаласындағы «Жас­­­­тар» театрына барып, Мұх­тар Әуезовтің «Еңлік – Кебек»
трагедиясы желі­сінде сахналан­­­­­ған спектакльді тамашалады.

Қойылым – қазақ драма­тургиясының алтын қорына енген, ұлт рухы мен халықтың тарихи тағдырын терең бейне­лейтін көрнекті туынды. Театр ұжымы спектакльді жаңа ре­жис­серлік шешіммен ұсынып, классикалық шығарманы заманауи сахналық тіл арқылы жаңаша пайымдаған.

Вице-премьер театр ұжы­мының тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлермен кездесу өткізді.

«Мемлекет басшысы мәде­ниет саласына ерекше мән бе­ре­ді. Президент ұлт рухын ас­қақ­татып, рухани тұтастықты нығайтып жүрген мәдениет қай­раткерлерінің еңбегін әрдайым жоғары бағалайды», деді ол.

Биыл «Жастар» театрының ашылғанына бір жыл толып отыр. Қазіргі уақытта театр репертуарында 10 қойылым бар. Жас театр халықаралық деңгейде де танылып үлгерді. 2025 жылы Алжирде өткен «The International Cultural Festival of Desert Theatre» фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар 2026 жылғы сәуірде Франциядағы GRRRANIT – Scène nationale de Belfort театры-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұған қоса театр Италия, Корея, Канада елдеріндегі әріптес­тері­мен байланыс орнатып, бірлес­кен жобаларды жүзеге асыру және халықаралық фестиваль ұйым­дастыру бағытындағы мүмкін­діктерді қарастырып отыр.

Бүгінде театр ұжымында 145 адам еңбек етеді. Оның ішінде 50 әртіс және 18 шығармашылық құрам өкілі бар.

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью