ШЫҰ байқаушылары: Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған

15.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары, миссия басшысы Олег Копылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ОКҚ

О. Копылов Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға дайындық пен дауыс беру процесін байқау барысында дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне де қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

«Жалпы алғанда, алдын ала бақылауларға сүйене отырып, Қазақстан тарапынан референдум процесін лайықты ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылғанын айтуға болады. Ұйымдастырушылық және техникалық дайындық жоғары кәсіби деңгейде жүргізілген. Сондай-ақ азаматтардың еркін таңдау құқығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы кең аудиторияға ақпарат берілген. Бұл процесс қоғамда және сарапшылар арасындағы талқылаулармен қатар жүріп отырған. Қоғамда ұсынылып отырған конституциялық реформаларға деген қызығушылық жоғары екені байқалады. Дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера қалыптасқан. Дауыс беруге жастар белсенді қатысып жатыр», деді спикер.

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті

Олег Копыловтың айтуынша, бұл азаматтардың қазіргі референдумға ерекше мән беретінін және халықтың, ең алдымен, өз еркін білдіру процесіне деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

ШЫҰ бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын жоғары бағалады

Соңғы жаңалықтар

Атыраулық әжелер референдум учаскесіне ақ кимешекпен келді

Аймақтар • Бүгін, 14:37

Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді

Референдум • Бүгін, 14:35

Референдум күні Алматы облысында 24 сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 14:30

Әзербайжанның ОСК төрағасы Қазақстандағы 50 сайлау учаскесін аралады

Референдум • Бүгін, 14:22

Референдумда дауыс бергендер саны 51,93 пайызға жетті

Референдум • Бүгін, 14:20

Референдум: Бақылаушылар заң бұзушылық болмағанын растады

Референдум • Бүгін, 14:14

ШҚО азаматтарына дауыс беру үшін қандай жағдайлар жасалған?

Референдум • Бүгін, 14:10

Әзербайжандық бақылаушы референдумға оң баға берді

Референдум • Бүгін, 14:06

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

Референдум • Бүгін, 14:00

Тоқаев: Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты

Президент • Бүгін, 13:49

Президент: Ата заң жас буынның темірқазығы болуға тиіс

Президент • Бүгін, 13:40

Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді?

Президент • Бүгін, 13:29

Тоқаев: Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс

Президент • Бүгін, 13:25

Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді 

Референдум • Бүгін, 13:20

Бас прокуратура: Референдум барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді

Референдум • Бүгін, 13:15

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью