ШЫҰ өңірде ортақ экологиялық қауіпсіздік белдеуін қалыптастыруды көздейді

01.05.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Форум Чжэцзян провинциясында өтті. Іс-шарада Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының орынбасары, ШЫҰ-ның Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі комитетінің төрайымы Шэнь Юэюэ ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау хатын оқып, негізгі баяндама жасады.

Шэнь Юэюэ ШЫҰ елдерінің жасыл және тұрақты дамуды бірлесіп ілгерілетуі ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ ұмтылысы әрі ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта жаһандық басқару бастамаларын іске асырып, жасыл және тұрақты даму саласында ортақ келісім қалыптастыру қажет.

Сондай-ақ ол ғылыми-техникалық инновацияларды жеделдету арқылы жасыл дамудың ішкі қозғаушы күштерін арттыру, өндірістік салалар арасындағы ықпалдастықты күшейту арқылы жасыл экономикадағы ынтымақтастық негізін нығайту, экологиялық талаптарды қатаң сақтап, өңірде ортақ экологиялық қауіпсіздік белдеуін қалыптастыру маңызды екенін айтты.

Бұдан бөлек, Шэнь Юэюэ ШЫҰ елдерін мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге шақырып, бұл жасыл және тұрақты даму мақсаттарына бірлесіп қол жеткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Айта кетейік, ШЫҰ елдерінен Қазақстанға келген туристер саны 14,8 млн адамға жеткенін жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью