Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Дональд Трамп осы сапарында Қытай төрағасы Си Цзиньпин кездесуге тиіс.
Бұл екеуі жолықса біраз дүние орнына келер еді. Бірақ Қытайдың Сыртқы істер министрлігі кездесуге қатысты ресми жауабында «кездесу болады, не болмайды» деп кесіп айтпаған. «Қытай мен АҚШ президенттері тығыз байланыс пен алмасуларды қолдайды» делінген хабарламада. Бұл жөнінде министрліктің ресми өкілі Го Цзякунь баспасөз конференциясында мәлімдеген.
Го Цзякунь, Қытайдың СІМ ресми өкілі;
- Мемлекет басшыларының дипломатиясы Қытай-АҚШ қарым-қатынасы үшін бағыт-бағдарды айқындауда маңызды рөл атқарады. Екі елдің көшбасшысы тығыз байланыс пен өзара алмасуларды қолдайды. Ал сіздер қойып отырған сауалға қатысты жариялайтын нақты ақпарат жоқ.