Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қытайдың Орталық әскери кеңесіндегі Си Цзиньпиннің орынбасары Чжан Юся елдің ядролық бағдарламасына қатысты құпия ақпаратты Америка Құрама Штаттарына жайып жіберді деп айыпталып отыр. Бұл туралы жоғары шенді офицерлерге арналған жабық брифингте белгілі болды, деп жазды WSJ газеті.
Сенбі, 24 қаңтар күні Қытай билігі Чжан Юся мен Орталық әскери кеңестің Біріккен штаб бастығы Лю Чжэньлиге қатысты тергеу басталғанын ресми түрде жариялады. Ол кезде оларға «заңды және партиялық тәртіпті бұзды» деген айып тағылған болатын.
Алайда, газеттің анықтауынша, жабық брифинг барысында Чжанға қарсы бірнеше ауыр айып алға тартылған. Ол, атап айтқанда, пара алды және «саяси топтар құрды» (яғни, партия бірлігіне нұқсан келтіретін ықпал ету желілерін жасауға тырысты) деп күдіктелуде.
Дегенмен, ең сорақысы — генералға Қытайдың ядролық қаруы туралы маңызды техникалық деректерді АҚШ-қа берді деген айыптың тағылуы. Оған қарсы мұндай айғақты Қытай ұлттық ядролық корпорациясының бұрынғы бас директоры берген көрінеді. Айта кетейік, экс-директордың өзі де қазір тергеу астында.