Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Венгрия – Украинаға ешқашан қару-жарақ жеткізбеген Еуропадағы жалғыз ел. Бұл туралы Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлімдеді.
"Біз –Украинаға ешқандай қару-жарақ жеткізбеген Еуропадағы жалғыз мемлекетпіз. Біз бейбітшіліктің қажеттігін өте нақты айтып келе жатқан елміз", – деді Сийярто грузиялық "Рустави-2" телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қақтығыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым адам шығыны артып, зардап көбейе түсетіні Венгрия билігі үшін "өте түснікті".
"Біздің мақсатымыз – бұл соғысқа тартылып кетпеу. Осылайша біз баршаға венгр ұстанымын көрсеттік. Бұл ұстаным түптің түбінде тиімді болып, дағдарыс кезеңінде де елді нығайтып, дамытуға көмектесті", – деп толықтырды министр.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.