Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Байқау басталмай тұрып тікелей эфирде финалдың атмосферасы байқалып тұрды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformКөрермен қызыл кілеммен жүріп өткен байқауға қатысушыларды, халықаралық қазылар алқасын, БАҚ өкілдері мен кеш қонағы болған қазақстандық өнерпаздарды қарсы алды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformКештің арнайы қонағы болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шыққан сәтте көрермен ерекше қошеметін білдіріп, қарсы алды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformРесми бөлім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен ашылды. Оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин оқыды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformМемлекет басшысы құттықтау сөзінде Silk Way Star — Азия елдері арасындағы рухани өзара іс-қимылды дамытуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірегей бастама екені баса айтылды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformБұл сөздер біртұтас, мәдениетаралық және шығармашылық кештің реңін келтірді. Оларды залдағы қонақтар ғана емес, сахнаға шығуға дайындалып жатқан сахна сыртындағы қатысушылар да зор ықыласпен қабылдады.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformАлғашқы әуен басталған кезде вокалистер өз финалдық орындауларын көрсету үшін сахнаға кезегімен шықты.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformФиналда Малайзия, Грузия, Қытай, Армения, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері өнер көрсетті.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformОлардың әрқайсысы шығарманы ана тілінде орындап, өз халқының салт-дәстүрі, әртүрлі стилі, мәдени кодтары арқылы сахнаны саяхат алаңына айналдырды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformҚойылымдар сахнада өте әсерлі көрінді: жарықтар дәл қойылған, көріністер мен бейнелер айқын көрінді, ал әрбір нөмерге Қазақстанның стилистері арнайы дайындаған образдары қолданылды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformБұл кезде сахнаның артында жұмыс қызып жатты. Стилистер әрлеу жұмыстарын жасап, хореографтер қысқаша нұсқаулар берді. Финалистердің жақындары орындаушылардан бетер толқыды. Дегенмен әрбір қойылымды көрермен зор қошеметпен қарсы алды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformҚазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген жеңімпаздың есімін жариялағанда көрерменнің ерекше қошеметіне бөленді.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / KazinformСыйлықты тапсыру үшін сахнаға Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінің серіктесі, CMG Еуразиялық бюросының жетекшісі Ван Делу мен Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева шықты.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformSilk Way Star — ауқымды халықаралық күш-жігердің шыңы. Дайындыққа қазақстандық вокал жаттықтырушылары, хореографтер, режиссерлер, стилистер және техникалық қызметкерлер атсалысты.
Финалда сахнаның сыртында жобаның үлкен тобының әрбір мүшесі әртістердің өнеріне, көрнекі көріністерге және жоғары сапалы дыбысқа баса назар аударды. Осы күштің арқасында ақтық мәре әсерлі, әрі есте қаларлықтай өтті.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformЖеңімпаздар 50% қазылар алқасының, 50% көрерменнің онлайн дауыс беруі арқылы анықталды.
Фото: Виктор Федюнин / KazinformГранд-финалдың тікелей трансляциясын «Jibek Joly» телеарнасы жүргізді. Сондай-ақ хабарлар Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда тарады.
Silk Way Star мәдениет, стиль, дауыс және шығармашылық тоғысқан кеңістікке айналды. Дүние жүзіндегі миллиондаған көрермен жобаны бақылап, әр елдің музыкалық мұрасын таныды. Жобаны бір миллиард көрермен тамашалады.
Айта кетейік, кеше Астанада «Silk Way Star» халықаралық жобасының гранд-финалы мәресіне жетіп, маңғол әншісі Мишель Джозеф жобаның жеңімпазы атанды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform