Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстандықтарға Еуропа елдеріне виза рәсімдеуге құжаттарды алдын ала тапсыруға кеңес берілді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, бұл азаматтардың оң шешім алу мүмкіндігін арттырады, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Қазақстандықтарға Еуропа елдеріне виза рәсімдеуге құжаттарды алдын ала тапсыруға кеңес берілді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, бұл азаматтардың оң шешім алу мүмкіндігін арттырады, - деп хабарлайды Tengri Travel.
Мән-жайыСІМ-де өткен брифингте журналистер Жетібаевтан Еуропаға барғысы келетін қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.
"Соңғы уақытта бұл мәселе бойынша қандай да бір ілгерілеушілік бар ма? Себебі қазір жазғы демалысқа шыққысы келетін көптеген қазақстандық процестің тым ұзарып кеткеніне шағымданып жатыр. Көбіне бас тартып жатады, визалық алымды қайтармайды, бірақ белгісіз себептермен қазақстандықтарға виза берілмейді. Бұл немен байланысты?" - деген сауал қойылды.
Ерлан Жетібаев өткен күні Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздердің үшінші кезеңі өткенін айтты.
"Тұтастай алғанда, бұл процесс өте жақсы ілгерілеп жатыр деп айта аламын. Жақын арада толығырақ ақпаратпен бөлісе аламыз деп ойлаймын. Қазақстандықтар тарапынан өтініштердің көбеюіне келетін болсақ: қазір жазғы маусым, туристік маусым, тиісінше шетелдік елшіліктердің консулдық бөлімдеріне де жүктеме түсіп жатыр. Біз мұны көріп отырмыз және барлық қажетті ақпаратты әріптестерімізге жеткіземіз", - деді ресми өкіл.
СІМ ресми өкілі Еуропаға сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға қарапайым кеңес берді.
"Виза беру - әр мемлекеттің егеменді құқығы. Қазіргі уақытта біздің азаматтарға құжаттарды алдын ала тапсыруды және олардың түрлі санаттар бойынша қойылатын барлық талапқа сай болуын қадағалауды ғана кеңес ете аламын", - деп толықтырды Жетібаев.
Бұған дейін СІМ Шенген аймағы елдерінде EES (Entry/Exit System) кіру және шығу жүйесі толықтай жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатын. Енді шетелдік туристердің деректері біріңғай цифрлық базада тіркеледі, ал төлқұжаттардағы үйреншікті мөрлер біртіндеп тарих қойнауына кетеді.
Еске салайық: сәуірде сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев еуропалық тараппен визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді 2026 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланғанын мәлімдеген болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу