Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузияда 18 жастағы қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде сатып алды, сақтады және өткізуге көмектесті деген күдікке ілінгені хабарланды, деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузияда 18 жастағы қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде сатып алды, сақтады және өткізуге көмектесті деген күдікке ілінгені хабарланды, деп жазады Tengrinews.kz.
ТолығырақВедомствоның мәліметінше, отандасымыз 2026 жылғы 22 сәуірде Грузияның Имерети өңірінде ұсталған.
Бап"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары біздің азаматымызға Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігінде көзделген "Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау" бабы бойынша айып тағып отыр", - деп хабарлады министрлік.
Грузия ІІМ бұған дейін тергеу 260-бап бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Бап бойынша 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылғаны айтылды.
Сонымен қатар Қазақстан СІМ істің санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын 260-баптың 1-тармағы бойынша қаралып жатқанын нақтылады.
Сондай-ақ Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста екені атап өтілді. Мәселе министрліктің бақылауында.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
Еске сала кетейік, бұған дейін Грузия ІІМ екі шетелдіктің - Қазақстан мен Украина азаматтарының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Оларға есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау және өткізуге көмектесу бабы бойынша айып тағылуда.
Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу